Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сай, ағымдағы жылдың 18-наурыз күні Хромтау ауданы №4 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Таимова Рунат Жакуповна жетекшілігімен «Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

Шебер-класс жұмысы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Мектепке дейінгі және жалпы орта, инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Светлана Жубаеваның алғы сөзімен ашылды.

Ұйымдастыру кезеңінде «Көңіл күй түсі» атты психологиялық тренинг өткізілді.

Теориялық бөлімінде Рунат Жакуповна «Бастауыш сыныптағы функционалдық сауаттылық» тақырыбында педагогикалық презентация ұсынып, шебер-класс қатысушыларына функционалдық сауаттылық анықтамасын пазлға жинау, функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттарын еске алу ұсынылды.

Тәжірибелік бөлімінде тиімді тәсілдермен таныстырып, жұмыс тәжірибесінен бейне үзінділер көрсетіп және қатысушылармен стандартты емес есептерді шығарды.

Қорытынды бөлімінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін, ойлауды, себеп-салдарлық байланысты түсіну үшін «неге?» сұрағын жиі пайдалану қажет екендігі айтылды.

Кері байланыс кезінде қатысушылар әдістемелік іс-шараның кешенділігін және керемет рухани қарым-қатынасын атап өтті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1