Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 23 қаңтар күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.
Конкурс мақсаты: педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну, танымал ету және облыстық кезеңнің жеңімпазын анықтау.
Кәсіби шеберлік конкурсы теориялық және практикалық кезеңдер бойынша өткізілді. Оқытушылар екі кезеңде кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануды, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгергендігін көрсетті.
Ережедегі критерийлерге сәйкес комиссия мүшелері қатысушылардың материалдарын бағалап, төмендегідей қорытынды шығарды:
Педагогикалық мамандықтары бойынша арнайы пән оқытушылары арасында:
І орын
– Канибекова Алмагуль Максутовна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
ІІ орын
– Табинбаева Гульнур Муратовна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
ІІІ орын
– Аманова Нургуль Бакытжановна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
– Картанова Айгүл Әбдіқалыққызы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
Жалпы білім беретін пәндер оқытушылары арасында:
І орын
– Жабасова Гулнур Еркиновна, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі
ІІ орын
– Курманбекова Айгуль Беркиновна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
ІІІ орын
– Токсанбаев Нурбол Торебаевич, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
– Амантаева Сандугаш Асылхановна, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі
Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Өңірлік кезеңде І орын алған педагогтерге 2024 жылы ақпан айында Ақмола облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама берілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз.