Пікірталас білім беру ортасында шешуші рөл атқарады. Пікірталас сыни тұрғыдан ойлауға, дәлелдеуге, ізденуге, өз көзқарасын білдіруге және басқалардың пікірін тыңдай білуге ​​ықпалдандырады. Пікірталас ақпаратты талдауды, дәлелдерді тұжырымдауды және негізделген шешімдер қабылдауды талап етеді. Бұл қасиеттер тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас жасау барысында пайдалы.

Дебат клубының жетекшісі сабақтың қызықты және танымдық бағдарламаларын жасай білуі керек. Осыны негізге ала отырып, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні  дебат  жетекшілеріне арналған «Пікірталас тақырыптары неге негізделуі керек?» атты семинар ұйымдастырды.

Аталған оқу семинарына  12 аудан мен Ақтөбе қаласының пікірсайыс жетекшілері мен білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ж.Б.Скакова алғы сөз сөйледі. Семинарда №51 гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Н.Д.Жәкен және М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Т.Б.Снасапин өз тәжірибиелерімен бөлісті. Онлайн семинар кезінде «Мектеп оқушыларын саясат және қоғамдық белсенділікке бағыттауға арналған дебат қарарлары» және «Дебат қарарларына анализ» тақырыптары талқыланды. Ашық микрофон барысында кері байланыс жасалып, сұрақтарға жауап берілді. Қатысушылар семинар барысында тәжірибиемен бөлісіп әріптестеріне алғыстарын білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1