«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Балалар және театр» жобасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні  облыстық онлайн семинар – практикумы өтті.

Аталған шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен «Балалар және театр» үйірмелерінің жетекшілері қатысты.

Семинар барысында балаларға арналған білім беру үдерісіне театр элементтері мен әдістемелерін енгізудің түрлі аспектілері талқыланды. Семинарда орындаушылық өнердің балалардың дамуы мен шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы білім алуындағы маңызына назар аударылды. Аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының спикерлері өздерінің оқу орындарында «Балалар және театр» жобаларын сәтті жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Балалармен жұмыс жасауда театр элементтерін пайдалану бойынша нақты кеңестер мен ұсыныстар берілді.

Рефлексия барысында  қатысушылар іс-шарадан алған әсерлерімен алмасып, оның педагогика саласындағы құндылығын және оқу үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуді атап өтті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1