Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 сәуірінде «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында ұлдар клубтарының жетекшілеріне арналған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ояту, азаматтық рух пен мінезді тәрбиелеу.
Шара барысында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Балымов Ерлан Куанышевич сөз сөйледі. Ол өз сөзінде патриотизм – бұл өз Отанын, оның тарихы мен мәдениетін, тілін, жері мен халқын сүю және құрметтеу екенін атап өтті. Сондықтан, дөңгелек үстелдің тақырыбы өзекті және уақытылы деп есептейтінін айтты.
Ақтөбе қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Қанапин Бекзат Оразұлы «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында отансүйгіштік дегеніміз – қажырлы еңбек, елі үшін пайдалы іс жасауға ұмтылу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау екеніне тоқталды. Білім беру баланың мектепте болған алғашқы жылдарынан жүргізілуі керек, деп спикер осы бағыттағы тәжірибесімен бөлісті.
Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Раушан Нурбулатовна Джигитова «Бала құқығы – адам құқығы» деген сұраққа тоқталды. Ол республиканың барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылға, балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы жұртшылықты хабардар етуге ерекше назар аударды.
Шараның соңында, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Педагогтер ұйымдастырушылар мен спикерлерге нәтижелі жұмысы үшін алғыстарын білдірді.