2024 жылғы 19 желтоқсан  күні  Ақтөбе облысының білім  басқармасының  жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Біртұтас тәрбие»  бағдарламасы аясындағы «Ұлттың ұлағаты – ұрпақ тәрбиесінде» тақырыбындағы облыстық көшпелі семинар  Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде  өтті. 

      Семинар қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ождан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

      Шараның  ашылуында  Ақтөбе облысы  білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Бакиева Гулдана Кенжегалиевна ТжКББ ұйымдарында оқу-тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып,  қатысушыларға сәттілік тіледі. 

      Сонымен қатар,  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындаңы Ақтөбе Жоғары Медициналық колледжінің директоры Капанов Сакен Тажигереевич колледждің оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда білім алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеудегі ұжымның міндеттеріне тоқталды. 

      Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжібаева Самал Мұсақызы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда «Қамқор» жобасы арқылы жастардың бойында құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында тәрбие жүйесінің белсенді әдістері мен түрлі формалары арқылы жастарға әр педагог көмек көрсету қажет екендігін айтып өтті.

      Тәжірибелік бөлімде: «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыстары таныстырылып, студенттердің өз қолдарымен жасалған заттары көрмеге қойылып, колледж  мұражайына саяхат жасалды.          

      Теориялық бөлімде: ұлттық құндылықтарды арнайы пәндер арқылы дәріптеуде білім алушылардың бойында адами құндылықтарға негізделген білімдерін жетілдіру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту,  шығармашылық  ізденістерін  қолдауға араналған   әдіс-тәсілдері симмуляциялық ашық сабақтарда көрсетілді.

      Шара соңы «Педагог-Студент-Ата-ана» үштігінен құралған тәрбиелік маңызы бар қойылыммен аяқталып, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Скакова Жемис Бердигалиевна  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде өткізілген  шараның өзектілігі маңызды екендігіне тоқталып,  шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табыстауымен қорытындылады.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1