Ағымдағы жылдың 29 қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық жоспардың жүзеге асырылуы және тәжірибе алмасу мақсатында «Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты онлайн облыстық семинар өтті.
Семинар барысында: Байғанин ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері А.Қалданова «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуі бойынша өткізілген іс-шаралар есебін берді. №3 Қарауылкелді орта мектебінің кітапханашысы Ж.Бирмаганбетова «Балалар кітапханасы: жетістіктер мен болашағы» мектепішілік атқарылған іс-шараларға тоқталып, мектепте ашылған “Кітап TIME” жобасымен таныстырды. Байғанин орта мектебінің кітапханашысы М.Кулданбаева «Инклюзивті білім беруде TOPIQ бағдарламасының тиімділігі» тақырыбында инклюзив оқушыларды кітап оқуға қызығугылығын арттыруға болатындығын көрсетті.Тірек мектебінің кітапханашысы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жасалған жұмыстарға тоқталды. «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар отбасы» тақырыбында №2 Қарауылкелді орта мектебінің кітапханашысы С.Жубатканова оқушыларды оқуға шақыруда отбасының рөлі маңызды екенін көрсетті. Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Алиева «Өнегелі кітап-өмірлік серігің» тақырыбында мектептегі оқушыларға арналған шкафтарға танымал және жергілікті ақын-жазушылардың кәтаптарына қолжетімділік барын, QR кодын сканерлеу арқылы қалаған кітабын оқуға мүмкіндік барын көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.