2024 жылдын 28 қазанда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «WSDC форматы, элементтері және техникасы» тақырыбында дебат жетекшілеріне арналған облыстық оқыту семинары өтті.

  Шараға 50-ден астам дебат жетекшілері қатысты.

Семинар басында тренингтік ойын ретінде «Бункер» өткізілді. Бұл тренинг қатысушыларды біріктіруге, шешім қабылдау және пікірталас дағдыларын жақсартуға бағытталған. Мұндай ойындар дебат жетекшілерінің креативті ойлау қабілетін дамытып, нақты жағдайларда талдау жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

WSDC  форматының негіздері мен ерекшеліктері түсіндірілді. Қатысушылар бұл форматтың құрылымы, рөлдері және регламентімен танысты. WSDC форматының ерекшелігі – күрделі тақырыптарды талқылау мен нақты дәлелдер келтірудің жоғары деңгейіне негізделді.

Семинардың маңызды бөлігі ретінде аргумент құру, дәлелдеу және оны маңыздылық тұрғысынан түсіндіру әдістері талқыланды. Қатысушылар дәлелдерді қалай тиімді түрде құрастыру керектігін үйреніп, оның маңыздылығын негіздеу техникасымен танысты. Бұл тақырып дебат ойындарындағы ең негізгі элементтердің бірі болғандықтан, терең талқыланды.

«Қазақстанда спортшыларды натурализациялауға қарсы» қарары бойынша семинар қатысушыларымен көрнекі көрсетілім ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойында дебат жетекшілері WSDC форматы бойынша өздерінің дағдыларын практика жүзінде көрсетті. Әр топ өз дәлелдерін ұсынып, қарар бойынша пікірталас жүргізді.

Семинар нәтижесінде дебат жетекшілері WSDC форматы бойынша білімдерін кеңейтіп, аргументация мен дәлелдерді құрастыру дағдыларын жетілдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1