Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар алаңы» тақырыбында облыстың жас педагогтерімен кездесу өтті.

Кездесу жас педагогтерге позитив пен мотивация беру, жас мамандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Шара Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы, ф.ғ.к., «Болашақ» бағдарламасының түлегі Сұлтан Жайық Исаұлының, Хромтау ауданының әкімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Тілеумұратов Нұрхан Жасұланұлының, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, еліміздегі ең жас ректор Қарабасова Лаура Чапаевнаның, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог-2019» республикалық конкурсының жеңімпазы, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегері Базарғалиева Баян Теміржанқызының, «Media pro production studio» продюсерлік орталығының директоры, журналист Досова Жанаргүл Айтмағанбетқызының қатысуымен өткізілді.  

Кездесудің қорытынды бөлімінде жас мамандарға сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1