Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  31 қаңтар күні «Үздік педагог-2023» республикалық байқау жеңімпаздарың шебер-класы өтті. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Д.Халетова сөз алып, жыл сайын «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарының іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында осындай шебер-кластың дәстүрлі түрде өтетіндігін атап өтті.

Шара барысында орталықтың техникалық және кәсіптік білім және кәсіби бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Б.Машимбаева «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына тоқталып, конкурстың кезеңдері, тәртібі, қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагогтері, «Үздік педагог-2023» республикалық байқау жеңімпаздары  Б.М.Жамекова «Кәсіби жетістік – шеберлік негізі», К.Ниетбаева «Педагогтің оқыту қызметі және бағалануы», Г.Наменова «Үздік педагог портфолиосының құрылымы тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісіп, портфолионы жинақтау, бейне сабақты рәсімдеу үлгілерін көрсетті. 

Шебер-класс өзара тәжірибе алмасу бағытында өтті, ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1