Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 9 желтоқсан күні №56 мектеп базасында «Ең үздік көшбасшы» тақырыбында пікірсайыс жетекшілері арасында облыстық турнирі өтті. Турнирге облыс бойынша 19 фракция қатысты. Турнирдің мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, толеранттылықты қалыптастыруда, ой – өрісін, сөйлеу қабілетін дамытуда пікірталастардың алатын орны орасан. Финалға «Ритор» мен «Ғибрат» атты екі команда өтіп «Ритор» командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Турнир соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталып ІІ, ІІІ орындарға ие болған командаларға дипломдар табысталып «Ритор» командасына кубок пен І орын дипломдары  берілді. Осылайша облыстық турнир өз мәресіне жетті. Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1