Қазақстан Республикасы президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына 2021 жылдың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында, сондай-ақ, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан жаппай цифрланған және жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамыған елге айналуға тиіс және бұл – біздің стратегиялық міндетіміз деп ерекше атады. Білім берудегі цифрлық трансформация білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, соның ішінде оқу жоспарлары мен оқыту әдістерін жаңа технологиялық шындыққа бейімдеу мақсатында 2024 жылғы 13 тамыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты педагогтердің облыстық тамыз Саммитінің панельдік секциялық отырысы өтті.

«Кәсіби білім беру жүйесінде цифрлық оқытуды дамыту» тақырыбындағы секциялық отырысқа қатысқан 300-ден астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директоры, директор орынбасарлары, әдіскер, оқытушыларына цифрлық технологияларды қолдану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, сапалы контент жасаудың шеберлігі, әрбір білім алушының, педагогтің және білім беру ұйымының қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін жетілдіруге бағытталған талдау жұмыстары баяндалды.

Секциялық отырыста сөз алған облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Д.Жаманбаева, білім берудегі цифрлық трансформация білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, соның ішінде оқу жоспарлары мен оқыту әдістерін жаңа технологиялық шындыққа бейімдеу үшін цифрлық технологияларды интеграциялау қажет екендігін, сондай-ақ, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуде цифрлық технологияның маңыздылығын атап өтті.

Отырыстың негізігі бөлімінде республикалық «APEC Petrotechnic» Жоғары колледжі, «Aqtobe hub», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, облыс колледждері мамамандарының кәсіби білім беру мен тәрбиелеуде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды оқыту арқылы білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, педагогтерді оқытуға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған озық тәжірибесі таратылды.

         Нәтижеге бағытталған секциялық отырыста қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері ашық алаңда ескеріліп, педагогтердің, білім алушылардың және ата-аналардың цифрлық мәдениетін арттыру, жасанды интеллектіні этикаға сәйкес және қауіпсіз қолдануды ескере отырып, отырыс қорытындыланды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1