2024 жылдың 29 наурыз күні Әйтеке би ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының арасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Психологиялық қызметті ұйымдастырудағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, класс жетекшілер, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтардың байланыс тетіктері" тақырыбында облыстық семинар-практикум Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектеп базасында офлайн/онлайн форматта өткізілді.

Семинар барысында облыстық әдістемелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, "Психология" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жубандықова "Сенім. Тірек. Кеңістік" аймақтық жобасы, мобильдік орталықты құру, "Үйлесімділік" өңірлік жобасының мақсат-міндеттерімен, ережесімен таныстырып өтті. Д.Стотт "бақылау картасы" жан-жақты түсіндіріліп, постер әдісі арқылы топпен жұмыс жасалды. Орталықтың әдіскері М.Ы.Телағысова қатысушыларға білімалушылар мен ата-аналарды психологиялық қолдау барысында қолданылатын психологиялық практикалық жаттығулар жүргізіп, психодрамманың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинар соңында ашық диалог алаңы құрылып, ұсыныстар қабылданып, шараның қорытындысы шығарылды. Тыңдаушыларға семинарға қатысқандары үшін сертификаттар табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1