Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 04 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін пәндерін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өңірлік шебер-класс өтті.

Өңірдің әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесін жаңғырту, маман даярлаудағы педагогтер беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында төмендегі озық тәжірибелі педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1. (Tedx форматында): «Математиканы ағылшын тілінде оқытуда халықаралық іс-тәжірибені қолдану» тақырыбында APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің Г.К.Кабиденова, математика пәнінің аға оқытушысы, педагог-сарапшы, білім магистрі, А.Х.Багытова, ағылшын пәнінің аға оқытушысы, педагог – зерттеуші, Үздік – педагог – 2022 жыл.

2. «Оқыту нәтижелеріне бағытталған сабақ жоспарларын құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында С.Қ.Жаңаберген, Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі басшысының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, п.ғ.м., педагог-зерттеуші.

3. (Tedx форматында): «Интегрированное обучение как средство организации современного учебного процесса» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы, Жоғары аграрлық техникалық колледжінің Г.Ш.Мухамбеткалиева, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  оқытушысы, С.К.Утишкалиева, тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің оқытушысы.

4. «Математика пәнін оқыту барысында тәжірибелік (лабораториялық) жұмыстарды қолдану» тақырыбында К.Е.Тулегенова, APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің математика және информатика пәндерінің аға оқытушысы, педагог – зерттеуші, п.ғ.м.

5. «Қазақ әдебиеті сабақтарында функционалды сауаттылықты дамыту» тақырыбында С.Т.Масатова, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, п.ғ.м., педагог – зерттеуші.

6. «Проблемы преподования химии в колледжах» тақырыбында А.Б.Турсунова, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжі, химия пәнінің оқытушысы, педагог – зерттеуші.

7. (Tedx форматында): «Физика, химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды өткізу мәселелер» тақырыбында А.С.Изтлеуова, Ақтөбе автожол колледжінің физика пәнінің жоғары санатты оқытушысы, А.А.Утепова, химия пәнінің оқытушысы.

8. (Tedx форматында): «Қазақ тілі мен химия пәні сабақтарын кіріктіре оқыту арқылы білім алушылардың белсенділіктерін арттыру» тақырыбында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің Г.Е.Жабасова, химия пәнінің оқытушысы, С.А.Амантаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

9. «ТжКББ ұйымдарында жалпы білім беретін пәндердің жүйелі және мақсатты жүргізілуі» тақырыбында Б.Ж.Нурмолдина, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, ТжКБ және кәсіби бағдар беру бөлімінің әдіскері, п.ғ.м., педагог-сарапшы.

Шараға 200-ден астам жалпы білім беретін пәндер оқытушылары қатысты. Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1