2024 жылдың 2 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен дебат жетекшілері арасында "Ұлттық сапа" тақырыбында облыстық турнир өткізілді. Бұл шараға Ақтөбе қаласы мен облысымыздың аудандарынан 12 фракция қатысты.
Дебаттық мәдениетті дамыту, қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау мен пікірталас дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, бұл шара білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Турнир білім алушылардың коммуникациялық және сыни ойлау дағдыларын дамыту, пікір алмасу арқылы өз көзқарастарын білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Турнир нәтижесі бойынша 1 орынды Ақтөбе қаласының "Ақтөбе А" фракциясы жеңіп алды, 2 орынды «Мұғалжар» фракциясы, ал 3 орынды Алға және Мәртөк фракциялары бөлісті. Қалған 8 фракция түрлі номинациялармен марапатталды.