Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық  арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде «Арнайы білім беруде цифрлық ресурстарды қолдану» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

Шара мақсаты педагогтердің заманауи цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін арттырып, білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын үйрету.

Шебер-класқа 30 - ға жуық жалпы орта білім беретін мектеп педагогтері мен логопедтері қатысты. 

Облыстық    шебер – класс    барысында  Ақтөбе облыстық  арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің сурдопедагогтері   Г.М. Жанжигитова, Н.С. Камилова  «Есту қабілеттерінде бұзылыс бар балалардың есту қабілетін ырғақты музыка арқылы дамыту», математика және физика пәні мұғалімдері К.М. Мұратов, Г.М. Оңайша «Сабақтың табысты болуына сандық технологияны қолдану», арнайы пән мұғалімі  Б.М. Дүйсеналина және химия, биология пәні мұғалімі А.Ә. Тубетбаева «Химиялық қоспалармен креативті шаш бояу әдістері», тәрбиешілері Ж.К.Мукашева, Г.А.Мұстапина «Ғарыш әлемі» тақырыптарында шеберлік сағаттарын  көрсетті.

        Шебер-класс соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, педагогтер өзара пікір алмасты. Іс-шарада өз тәжірибелерімен бөліскен облыстық  арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің педагогтері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1