1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған Бала – Бақыт, Бала – Шаттық, Бала – Нұр атты мереке «Қазақ халқына мың алғыс» стелласында өтті. Шараға облыс әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы қатысып, облысымыздың барлық балаларын мерекемен құттықтады. Мерекелік шарасы барысында халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Мерекеде «Ғажайып Ақтөбе», робототехника, әуе, су авиамодельдік көрме жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Балалар кітап әлемінде» атты кітап көрмесі жасақталып, «Жас ақындар», «Жас оқырман» тақырыптарында кітап оқу сағаттары өткізілді. «Біз – бақытты балдырған!» мольбертте, асфальтта сурет салу байқауы өтті. «Шынықсаң шымыр боласың» балаларға арналған бұқаралық спорттық жарыстар, 3-5 жас аралығындағы балалар арасында үш аяқты велосипедпен «Велосипед алаңы» тақырыбында жарыстар өтіп жатты.

Сонымен қатар, 1 маусым күні 14 алаңда – Ақтөбе арбаты, шығармашылық академиясының алаңы, Абай Құнанбаев атындағы бульвар, А.С.Пушкин атындағы саябақ, «Ғашықтар» аллеясы, қалалық мәдениет үйі, «Ретро» саябағы, Д.Қонаев атындағы орта мектеп-гимназиясының алаңы, №77 орта мектебінің алаңы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің алаңы, «Құрайлы» мәдениет үйінің алаңы, «Геолог» мәдениет үйі, Нокин мәдениет үйінің алаңы, «Сазды» мәдениет үйінің алаңы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі, Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжі, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті алаңдарында сағат 10.00-ден бастап концерттік бағдарлама, спорттық-эстафеталық ойындар өткізіліп, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітапханалар жүйесінің көмегімен библиофреш ұйымдастырылды.

Бала – Бақыт, Бала – Шаттық, Бала – Нұр мерекелік шараға 10 000-ға жуық балалар мен ата-аналар қатысты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1