Ақтөбе облыстық әдістемелік орталық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 20 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы 32 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Тоғымбаева Айнұр Әбдімүнәпқызының «Қазіргі бала дамуындағы үдеріс және оқушының математика сабағындағы әрекетін жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында шығармашылық шеберханасының III отырысы өтті.

Облыстық шеберхананың кезекті шебер-класы облыстық әдістемелік орталықтың бөлім меңгерушісі, г.ғ. магистрі Светлана Онайевна Жубаеваның алғы сөзімен ашылды.

Ұйымдастыру бөлімінде «Аяқталмаған сөйлем» атты тұлғалық психологиялық тренингі өткізілді.

Әрі қарай шығармашылық шеберхана жетекшісі Айнұр Тоғымбаева «Бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлауын дамытуда «Төңкерілген сынып» технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында педагогикалық презентация жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

          Шебер-класс барысында педагогтер оқушылардың сыни ойлау дағдыларын Блум таксономиясы арқылы бағалау түрлері туралы білімдерін кеңейте отырып, Блум таксономиясы бойынша сыни ойлау дағдыларын бағалауға негізделген тапсырмаларды орындады және сұрақтар құрастыра білуге машықтанды.

          №5 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдрахманова Гүлден «Математика пәні бойынша цифрлық білім берудің заманауи жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

Шебер-класс соңында ұстаздар «Бір 40 минут ішінде 6 сатыны бірде басып өту үшін не істеу керек?» деген сұраққа бірлесе отырып, жауап іздеді. Нәтижесінде, «Төңкерілген сабақ» әдісі арқылы мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп, материалдарды қайталау арқылы оқыту үдерісін жақсартумен қатар, оқушылардың механикалық есте сақтау қабілетін арттыруға болатындығы байқалды. "Төңкерілген сабақта" Блум таксономиясының білу, түсіну деңгейлерін оқушылар үйде игеріп, сыныпта қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлеріне дейін жетуге болады деген қорытынды жасалды.

Облыстың аудандық және қала мектептерінен шеберханаға қатысушы мұғалімдер онлайн форматында өткізілген бұл әдістемелік шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1