2024 жылдың 19-наурызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Темір ауданы Жансен Кереев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Лилия Асхатқызы Абдрахимованың «Steam технологиясы – функционалдық сауаттылықтың негізі» атты облыстық шығармашылық шеберханасының III отырысы «ZOOM» платформасында өтті.

Отырыс жұмысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Қолайлы психологиялық орта құру үшін «Ырғақты қайталаңыз» тренингі өткізілді. Қатысушылар әуенге сай ырғақпен шапалақтап, саусақтарын шертіп қайталады.

Теориялық бөлімінде жетекші шығармашылық шеберхананың жұмысына шолу жасады.

Тәжірибелік бөлімінде Әйтеке би ауданы Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлфариза Ғазизуллаева 1-сыныпта математика пәндерін интеграциялау және сауаттылықты оқыту, Алға ауданы Үшқұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алия Кадырова Steam технологияларын енгізу тәсілдерінің бірі ретінде жаратылыстану және математика пәндерін интеграциялау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Қорытынды бөлімінде уатцап мессенджері арқылы қатысушылармен кері байланыс жүргізілді. Отырыс соңында шығармашылық шеберханаға қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1