Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 25 қаңтарда мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арналған «Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызметін дамыту бойынша квест-технология» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткізілді.

Семинарда психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында көңілді тренинг  өткізілді.

Психологиялық әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Т. Сарсенгалиева балабақшада квесттер ұйымдастыру бойынша  қызықты идеяларымен бөлісті. Семинардың теориялық бөлімінен кейін психологтар практикалық жұмыс тапсырмаларын орындауда белсене атсалысты. Олар жұмыс кезеңдерінен өтіп, практикалық тапсырмаларды орындай отырып,  бірегей тәжірибе жасап, өздерінің кәсіби дағдыларын байыта отырып, квестті өткізді. Бұл білім алмасудың мол тәжірибесі болды.

Семинарға қатысушыларға «Мектепке дейінгі жастағы балаларды диагностикалау әдістемелері мен дамыту ойындары» тақырыбында әдістемелік құрал мен «Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту ойындары» жадынамалары таратылды.

Шара соңында педагог-психологтарға сертификаттар табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1