12 мамыр 2024 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру.
Семинарды өткізу түрі: офлайн және онлайн.
Семинар модераторы облыстық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Г.Бакиева семинар спикерлерімен таныстырып, қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселелерге тоқталды.
Семинар барысында «Терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру», «Дін саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жастардың рухани әлеуметтенуі және қазіргі қоғамдағы ұлттық тәрбие мәселесі», «Деструктивті діни сана белгілері бар отбасылардағы балалардың психологиялық ерекшеліктері», «Жастар арасындағы діни фанатизм», «Қақтығыс аймағынан келген оқушылар және ата-аналарымен жүргізілетін психологиялық жұмыстың маңызы» тақырыптарында ақпараттар берілді.
Семинарға облыс әкімінің аппараты, терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі С.Бектенгалиев, облыстық Дін істері басқармасының бас маманы М.Аманбекұлы, философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі Ү.Сәрсембин, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Сарсенгалиева, дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теологы Ә.Ұзақбай, Ақтөбе қаласындағы №28 ОМ психологы А.Тагибергенова және колледждердің тәрбие орынбасарлары мектеп психологтары, мектептің әлеуметтік педагогтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Қатысушылар саны: офлайн – 120, онлайн – 725 адам.
Семинар соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.