Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы зор.
Биылғы оқу жылында республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» ашылуда.
Осы орталықтардың негізінде ата-аналар мамандардың кеңестерін алып, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатыса алады, онда білім алушылардың тәрбие процесін ұйымдастыру, бос уақытын жұмыспен қамту мәселелері талқыланады.
Мәселен, 2023 жылдың 13 желтоқсанында Ақтөбе сервис колледжінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Д .У. Жаманбаеваның қатысуымен ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ашылуы өтті, ол аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде педагогтар мен ата-аналар жұртшылығының өзара іс-қимылын нығайтуға баса назар аударды.
Орталықтың ашылуында колледжде оқытылатын барлық мамандықтар бойынша «Үстелді безендіру», «Мастикамен жұмыс» тақырыптарында шеберлік сыныптары көрсетіліп, «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша үйірме жұмыстарының көрмелері, «Стиль және грация» үйірмесінің дефилесі ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көрсетілді. Сонымен қатар, шараға әр топтың белсенді ата-аналары және білім саласындағы тәрбие жұмысын жетекшілік ететін мамандары шақырылды.
Колледж ұжымына ата-аналармен бірлескен жұмыста табыс тілейміз !