2024 жылғы 21 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе автожол колледжімен және ТжКББ ұйымдарының топ кураторларымен бірлесіп «Жастарды тәрбиелеуде отбасылық құндылықтардың маңызы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

2024 жылғы 21 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе автожол колледжімен және ТжКББ ұйымдарының топ кураторларымен бірлесіп «Жастарды тәрбиелеуде отбасылық құндылықтардың маңызы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ж.Б.Скакова ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталуымен ашылды. Ақтөбе автожол колледжінің директоры Г.У.Жумагазина сөз алып, колледж білім алушылары мен педагогтерінің тәрбие саласындағы жетістіктері жоғарғы деңгейде екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, қалалық маслихат депутаты Ж.Б.Умарова менің бірінші қолдаушым-отбасым деп өз ақыл кеңесімен бөлісті.

Шара барысында облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері, п.ғ.м Б.Ж.Нурмолдина «Тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік сүйемелдеу», автожол колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қ.Махамбетова «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ұлттық құндылықтары – біздің іс-тәжірибемізде» тақырыптарында ТжКББ ұйымдарындағы топ кураторларының жұмысын жандандыру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттерге толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау туралы айтылды.

Тәжірибелік бөлімде ашық алаңнан үзінді Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің топ кураторы Д.Н.Тауасова «Көркем мінез – баға жетпес байлық», шебер кластан үлгі көрсетуде Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтобе Жоғары медициналық колледжінің топ кураторы С.А.Амантаева «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...», ашық тәрбие сағатын Ақтөбе автожол колледжінің топ кураторы А.Д.Жиенгазина «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

            Колледж психологі Ы.Д.Жумажанова «Отбасылық қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында тренинг өткізіп, кеңес берді. Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, қатысушылар жақсы лебіздерін білдіріп, қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1