Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың жолдары» атты семинар-кеңес өтті.

Шараға облыстағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысатын мекемелер өкілдері, Ақтөбе облысы білім басқармасының мамандары, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскерлері, қалалық, аудандық білім бөлімінің балаларға қосымша білім беру және жазғы демалыс жұмысына жауапты мамандар мен әдіскерлер, жалпы білім беретін мектеп директорлары, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, қала сыртындағы лагерлер өкілдері, барлығы 550 адам қатысты.

Семинарды Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Г.М.Аяпова алғы сөзбен ашып, облыстық семинардың бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, спикерлерге сәттілік тіледі.

Семинар бағдарламасында қамтылған мәселелер: 

- «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша 2024-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдері»

Бакиева Гүлдана Кенжеғалиқызы – Ақтөбе облыстық білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы;

Нарегеева Айнур Маликовна – Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері. 

- «Жазғы сауықтыру ұйымдарының дайындығын бақылауды  жүзеге асыру бойынша мәселелі сұрақтар және тағамнан уланудың алдын-алу, санитариялық қағидалар талаптарын сақтау туралы» 

Ршауова Лаура Адилхановна, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы. 

- «Теміржол бойында және жолаушылар поездарында оқыс оқиғаларды болдырмау, яғни жасөспірімдердің қауіпсіздігін алдын-алу шаралары» 

Елеусізов Айтұрған Нұрдаулетұлы, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы. 

- «Жазғы маусым кезіндегі құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары» 

Ахмет Мустахим Ахтанұлы, Ақтөбе облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының орынбасары, полиция полковнигі. 

- «Ақтөбе облысының су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» 

Тулепбергенов Жанболат Нұрланұлы, Ақтөбе облысының ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының офицері капитаны. 

- «Жазғы демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және алдын-алу шаралары» 

Аманжолова Запира Базарбайқызы, Ақтөбе облысының ТЖД-нің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, Азаматтық қорғау майоры. 

- «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн іс-шараны өткізу туралы» 

Нурманова Амина Мадиевна, Ақтөбе облысының білім басқармасы Балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің бас маманы. 

- «Қала сыртындағы сауықтыру кешенде оқушылардың жазғы демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру түрлері» (жұмыс тәжірбиесінен) 

Қарабекова Замира Базарбаевна, “Күншуақ” ерекше балаларға арналған қала сыртындағы жыл бойы жұмыс жасайтын демалыс лагерінің директоры. 

- «Мектеп жанындағы лагерде оқушылардың жазғы демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру түрлері» (жұмыс тәжірбиесінен) 

Жасаганбергенова Баян Идирисовна – Хромтау ауданы, «№6 Хромтау гимназия» КММ-нің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 

- «Қосымша білім беру ұйымдарында жаз мезгіліндегі балалардың  бос уақытын тиімді пайдалану» 

Теңелов Ерсұлтан Есентайұлы – Шығармашылық Академиясының   педагог ұйымдастырушысы. 

- «Қауіпсіз жаз. Психолог кеңестері» 

Сарсенгалиева Майра Турарбековна – Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері.

Шара барысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың жолдары туралы түсінік беру, кешенді жұмыстар жүргізу бойынша теориялық білімдерін тереңдету, бағыт-бағдар беру, әдістемелік нұсқау көрсету және іс-тәжірибе бөлісу мақсатында спикерлер туындайтын сұрақтар мен мәселелер бойынша кеңестер берді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1