Ағымдағы жылдың 13 тамызынан бастап жобалық кеңсенің жаттықтырушыларымен Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының басшылары; мектепке дейінгі ұйымдардың, облыстық білім беру және орта арнаулы ұйымдардың, қосымша білім беру ұйымдарының мамандары; білім беру бөлімдерінің аудандық(қалалық) тәрбие саласына жауапты әдіскерлер; орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы және оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілері мен психологтарға, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен оқытушылары үшін «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» жаңартылған бағдарламасын енгізу алгоритмін түсіндіру бойынша оқыту семинарлары өткізіліп келеді. Барлығы 2300 адам қамтылды.
Жұмыс барысында жаңартылған тәрбие парадигмасын енгізу алгоритмдері белгіленді, жоғары адамгершілікті, адал және табысты тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған жаңа басымдықтар, түйінді құндылықтар түсіндірілді.
Ашық микрофон барысында облыс педагогтары «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы қазақ халқының жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын біріктіретінін, бұл инновациялық тәсілдерді тәрбие мен оқыту процесіне тиімді кіріктіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.