Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 

2026 жылдың 8 маусым күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кедергісіз білім беру: кәсіби даярлық, өзекті мәселелер және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

         2026 жылдың 05 маусым күні Ақтөбе облысының білім басқармасы және Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен арнайы (түзету) білім беру саласындағы озық тәжірибені анықтау, қолдау және тарату арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» атты республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес  Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің   орыс тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі Байбекова Маншук Аманғосовнаның жетекшілігімен «Жазбаша сөйлеу — оқушылардың  тілдік құзыреттілігінің негізі» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберханасының қорытынды ІV отырысы өтті.  Биылғы оқу жылының финалдық кездесуі «Сөйлеу — ойлау құралы ретінде» атты кіріспе сөзбен ашылып, жазбаша сөйлеу дағдысын дамыту мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызды көрсеткіші екеніне басымдық берілді.

2026 жылдың 17 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне енгізу және логикалық ойлауды дамыту мақсатында атты облыстық шығармашылық шеберхананың  қорытынды ІV отырысы өткізілді. Іс-шараға шығармашылық шеберхананың мүшелері қатысып, тәжірибе алмасу алаңында бас қосты.

2026 жылдың 12 наурызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған «Жасанды интеллект логика әлемінде»  атты облыстық шығармашылық шеберхананың кезекті ІІІ отырысы офлайн форматта өткізілді. Іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарынан келген шеберхана мүшелері қатысып, тәжірибе алмасу алаңында бас қосты.

2026 жылдың 13 қаңтарында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған «Жасанды интеллект логика әлемінде» атты облыстық шығармашылық шеберхананың ІІ отырысы  онлайн форматта ZOOM платформасында ұйымдастырылып, облыстың әр өңірінен шеберхана мүшелері бас қосты.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының 25.09.2025 жылғы №71 бұйрығына сәйкес 2026 жылы 13 қаңтар күні  Ақтөбе қаласы М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулдана Нигметовнаның жетекшілігімен «Жасанды интеллект логика әлемінде» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберханасының алғашқы отырысы өтті. Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан келген педагогтер қатысып, тәжірибе алмасу алаңында бас қосты.

2026 жылғы 12 ақпан күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында «Табысты мектеп – тәжірибеден нәтижеге» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды.

М. Құрманғалиев атындағы №32 гимназияда педагог-зерттеуші Бралова Гульшат Оразгалиевнаның ұйымдастыруымен ерекше мазмұндағы облыстық семинар өтті.

2026 жылғы 26 наурыз күні №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін тірек мектебінде «Тәжірибеден нәтижеге: тірек және магниттік мектептердің даму моделі»  атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды.

✅Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 21 мамыр күні  «Қолайлы тәрбие ортасы және құқық бұзушылықтың алдын алу: кураторлық қызметтің рөлі» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы №65 жалпы білім беретін орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғазиза Ерболатқызы Қоразованың жетекшілігімен «Практические рекомендации по анализу и планированию уроков» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберхананың IV қорытынды отырысы өтті.

Ақтөбе облысында инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 27 наурыз күні облыс педагогтеріне арналған «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.   

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қызылжар орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Горбатенко Галина Петровнаның жетекшілігімен «Функциональная грамотность – ключ к пониманию, мышлению и коммуникации» тақырыбында шығармашылық шеберхананың IV қорытынды отырысы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының базасында білім беру ұйымдарының арнайы мамандарымен педагог-ассистентеріне арналған «Бірлескен жұмысты кешенді сүйемелдеу тәжірибесі» тақырыбында облыстық шеберлік класс өтті.

2026 жылдың 13 мамыр күні Ақтөбе қаласы №38 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Б. Уразованың жетекшілігімен облыстық шығармашылық шеберханасының ІV отырысы өтті. «Болашақ педагогы: ЖИ және сингапурлық технологиялармен жобалық тәсіл» тақырыбындағы басқосу заманауи білім берудегі тың бағыттарды талқылауға арналды.

Облыстық «ЖИ оқытушылар клубы» мүшелеріне арналған онлайн байқауға 20 мұғалім қатысып, байқау өз мәресіне жетті. Білім беру саласында жасанды интеллект  технологияларын шебер қолданып, ерекше креативтілік танытқан үздіктер әр бағыт бойынша анықталды.   

2026 жылдың 13 мамыр күні  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес  №24 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда  арнайы білім беру ұйымдары мен аудандық (қалалық) жалпы білім беретін орта мектептердің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтеріне арналған «Инклюзивті және арнайы білім беру: кедергілерсіз орта құру жолдары» тақырыбында BarCamp (ашық алаң) форматындағы іс-шара өткізілді.

2026 жылдың 13 наурыз күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп–гимназиясы, семинар-кеңес өтті. Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық шара өткізілді.                              

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 12 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының дебат жетекшілері арасында «Көшбасшылық алаңы» облыстық пікірсайыс турнирі Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің базасында өтті.

«Адал ұрпақ тәрбиелеу – ата-ананың басты міндеті» облыстық көшпелі семинар

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Pro-Qoldau» жобасы аясында Байғанин техникалық колледжінде «ТжКББ ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Қарабұлақ орта мектеп-балабақшасында «5Б» жобасы аясында «Білім мен тәрбиенің біртұтас жүйесі» тақырыбында мазмұнды әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шара білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Облыстық «5 Б» жобасы: тәжірибе мен нәтижеге бастар тиімді алаң

«Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру мақсатында құрылған «5Б» жобасы аясында «Жерұйық негізгі мектебі” КММ базасында « 5«Б»  жобасы-жұмысты бақылау.Тиімді қолдау.Жүйелі көмек» тақырыбындағы мазмұнды әрі креативті семинар ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының 2026 жылғы 24 сәуірдегі №196 бұйрығына сәйкес, жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы №57 жалпы білім беретін орта мектебінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.

2026 жылдың 27 сәуір күні «Ер бала тәрбиесі: тәртіп, талап және жауапкерішілік» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 2026 жылдың 26–27 ақпан аралығында ұйымдастырылған  «Үздік сабақ жоспары» облыстық байқауының қорытындысы 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес  облысымыздағы білім беру ұйымдары арасында информатика пәні мұғалімдері арасындағы «Үздік цифрлық педагог» облыстық байқауының І кезеңі онлайн форматта өз мәресіне жетті.

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні «Мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT