Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«Адал ұрпақ тәрбиелеу – ата-ананың басты міндеті» облыстық көшпелі семинар

2026 жылдың 6 мамыр күні Ырғыз ауданында «Адал ұрпақ тәрбиелеу – ата-ананың басты міндеті» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.

Семинардың мақсаты. білім беру ұйымы мен ата-аналар арасындағы өзара сенімге, ынтымақтастық пен серіктестікке негізделген тиімді өзара әрекеттестік мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға «Жауапты ұрпақ – тұрақты қоғам» әлеуметтік жобалар таныстырылымы, «Бақытты ана құпиясы» тақырыбындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағы, «Мектеп, ата-ана, бала – біртұтас тәрбие кеңістігі» атты ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен тиімді жұмыс жүргізуге арналған шеберлік сыныбы,  «Ата-ана мейірімі – жүрек жылуы» коучинг сабағы ұсынылды.

 Сонымен қатар, «Ой түйін: адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты кері байланыс алаңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

 Семинар қорытындысында мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының тәрбие жұмысының сапасын арттыруға, ата-аналармен жұмысты жүйелеуге және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал ететіні атап өтілді.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT