Құрметті педагогтер!
Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы «Ұстазға тарту» атты өңірлік челлендждің басталғанын хабарлайды.
Қатысу шарттары:
- Мерекеге орай өз ұстазыңызға немесе әріптесіңізге «Ақтөбе ұстазы» басылымына жылдық жазылым сыйлаңыз.
- Жазылым сертификатын ұстазыңызға табыстау сәтін (фото немесе қысқаша бейнеролик) түсіріңіз.
- Дайындалған фото/бейнематериалды өзіңіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызда (Instagram) жариялаңыз.
- Жазба астына ұстазыңызға деген тілегіңізді жазып, орталықтың ресми парақшасын белгілеңіз және #Ұстазғатарту, #АқтөбеӘдістемелікОрталығы хэштегтерін қолданыңыз.
- Челлендж эстафетасын келесі әріптесіңізге немесе білім беру ұйымына жолдаңыз.
Білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ардақты ұстаздарымызға мерекелік қуаныш сыйлайық!
Баршаңызды челленджге белсенді қатысуға шақырамыз!

