Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылдың 13 қаңтарында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған «Жасанды интеллект логика әлемінде» атты облыстық шығармашылық шеберхананың ІІ отырысы  онлайн форматта ZOOM платформасында ұйымдастырылып, облыстың әр өңірінен шеберхана мүшелері бас қосты.

Шеберхананың ашылуында Ақтөбе  облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ.магистрі Жубаева Светлана Онайевна қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің кәсіби дамуы, үздіксіз ізденісі және цифрлық технологияларды меңгеруі уақыт талабы екендігін атап өтті. Сонымен қатар шығармашылық ізденіс пен тәжірибе алмасудың білім сапасын арттырудағы маңыздылығына тоқталып, шеберхана жұмысына сәттілік тіледі.

Шеберхана мүшелері «Менің көңіл күйім – QR-кодта» әдісі негізінде ұсынылған QR-кодты сканерлеу арқылы өз көңіл күйлерін белгілеп, ортақ экранда нәтижелерін көрсетті. Бұл әдіс қатысушылардың белсенділігін арттырып, шеберхананың өткізілуі онлайн форматта болса да, өзара еркін қарым-қатынас орнатуына және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.

Теориялық кезеңде шығармашылық шеберхана жетекшісі М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулдана Нигметовна «Цифрлық дәуірдегі логикалық ойлау» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық ортада оқушылардың сыни және логикалық ойлау дағдыларын дамыту жолдары, заманауи платформалардың білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.

Практикалық кезеңде педагогтер цифрлық білім беру ресурстарымен тәжірибелік жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, Stem-hub.kz платформасының логикалық есептерді шешудегі тиімділігі көрсетіліп, түрлі тапсырмалар арқылы платформаның білім берудегі мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар «Umaigra» платформасы негізінде интерактивті ойындармен бірге  тізбектер, заңдылықтар, ақиқат пен жалған, құю есептері практика жүзінде көрсетіліп, қатысушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артқаны байқалды.

Шеберхана соңында «Менің ойым, менің нәтижем: Curipod рефлексиясы» кері байланыс алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті, алған әсерлері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Қорытынды бөлімде Жубаева Светлана Онайевна шеберхана жұмысына жоғары баға беріп, қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, кәсіби шығармашылық табыс тіледі.

Аталған шығармашылық шеберхана педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған маңызды кәсіби алаң болды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT