Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 26 наурыз күні №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін тірек мектебінде «Тәжірибеден нәтижеге: тірек және магниттік мектептердің даму моделі»  атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – тірек және магниттік мектептердің тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, заманауи білім беру үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау және ауыл мектептерінің сапалы білім берудегі рөлін арттыру.

Іс-шараға аудан мектептерінің педагогтері, әдіскерлер, мектеп басшылары мен жас мамандар қатысты. Семинар бағдарламасы мазмұнды тәжірибе сабақтарымен, шеберлік алаңдарымен, көрмелермен және шығармашылық бағыттағы жұмыстармен ерекшеленді.

Семинардың ашылу бөлімінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Исатаева Назигул Бакитовна мен координатор Кенжебекова Айнагул Нурбаевна «Ауыл мектебі – инновацияның орталығы» тақырыбында қатысушыларды қарсы алып, ауыл мектебіндегі заманауи білім беру мүмкіндіктеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Ақылбаева Алтынай Айбекқызы «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы аясындағы жұмыстар туралы баяндама жасады.

Семинар барысында пән мұғалімдері түрлі бағыттағы ашық сабақ және дуэт сабақтарын өткізді. Атап айтқанда:  №4 Шұбарқұдық ЖББОМ физика пәні мұғалімдері Жанекешов Мейрамбек Андреевич пен Ташимова Маншук Кошымовна  «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тәжірибе сабағы; химия пәні мұғалімі Жумагалиева Алия Бериковна «Фосфор қышқылы және оның тұздары» онлайн сабағы;  география пәні мұғалімі Тлеумбет  Данагүл Бекболатқызы, информатика пәні мұғалімі Галымов Мирас Махмутович «Баламалы энергия – болашақтың энергиясы» география және информатика пәндері бойынша дуэт сабағы; тарих пәні мұғалімі Беккулова Жанымгуль Бегайдаровна,  информатика пәні мұғалімі Алимбаева Айгул Маратовна «Заманауи сабақ: тиімді әдіс тәсілдер мен цифрлық құралдарды сабакта пайдалану»  тарих және информатика пәндері мұғалімдерінің заманауи цифрлық құралдарды қолдануға арналған ықпалдастырылған сабағы;  математика пәні мұғалімдері Кереева Ақмарал Нұрлыбекқызы мен  Алтықарасу мектеп-балабақшасының мұғалімі Аязбаева  Дания Сериковнаның  «Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару» шағын жинақты мектеппен бірлескен сабақтары ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушыларға арналған «Real Touch» ғылыми және STEM жобаларының көрмесі, «Шығармашылық шеберханасы: идеядан жетістікке дейін» атты көрме алаңы үлкен қызығушылық тудырды.

Педагог-психологтер ұйымдастырған «Жақсы көңіл күй – кәсіби табыстың негізі» психологиялық тренингі мен «Open Talk» ашық сұхбат алаңы еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, қатысушылар «АРТ студия: идеядан нәтижеге дейінгі шығармашылық процесс» таныстырылымын және «Абай тағылымы» театрлық қойылымын тамашалады.

Семинар соңында тірек мектебінің директоры Салиев Сейтжан Аманжолұлы «Жүйелі жұмыс – сапалы нәтиже» тақырыбында қорытынды баяндама жасап, білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарға тоқталды.

Аталған семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, заманауи білім беру әдістерін жетілдіруге және ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT