Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 12 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының дебат жетекшілері арасында «Көшбасшылық алаңы» облыстық пікірсайыс турнирі Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің базасында өтті.

Байқау дебат жетекшілерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, ізденушілік қабілеттерін шыңдау, кәсіби шеберлігін  дамыту және жас көшбасшыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. 

Турнир барысында 5 фракция бойынша 10 команда, ел егемендігінің қалыптасу жолы, тәуелсіздік жетістіктері мен бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы пікір алмасып, нәтижесінде ой ұшқырлығы, тапқырлығы және ұтымды сөзімен көзге түскен үздіктер алға шығып, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды.

 Турнир қорытындысы бойынша:

I орын: «Ladiеs» фракциясы - Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі;

II орын: «Тарлан» фракциясы – Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі;

II орын: «MedIQ» фракциясы – Кеңес Одағының батыры М.Маметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі;

III орын: «AgroOrda» фракциясы – Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі;

III орын: «Әділет жолы» фракциясы – Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжі.

Қалған  қатысушы фракцияларға ынталандыру номинациялары табысталды

Байқау жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT