«Үздік web-сайт» облыстық байқауының ережесі
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/466-zd-k-web-sajt-oblysty-baj-auyny-erezhes#sigFreeIda3be3448d0
- Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Үздік web-сайт» облыстық байқауының (бұдан әрі – байқау) өткізілу тәртібі мен уақытын, мақсаты мен міндеттерін, мәртебесін, жұмыстарды бағалау өлшемі және қорытындыларын шығару жұмыстарын анықтайды.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
-Облыстық мамандандырылған, жалпы орта, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға қызығушылығын ынталандыру және облыстың үздік білім беру ұйымының сайтын анықтау.
Міндеттері:
- ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы білім беру ұйымдарының шығармашылық қызметін жандандыру және ынталандыру;
- білім беру ұйымдарының іс-тәжірибелерін тарату.
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Байқау ағымдағы жылдың 27 - 30 қазан аралығында өтеді;
3.2. Қатысушылар: білім беру ұйымдарында сайтқа жауапты педагогтер. Байқауға қатысу үшін өтінім 2026 жылдың 26 қазанына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасында қабылданады.(1-қосымша)
- Байқауға қойылатын талаптар
4.1. Сайттың мазмұны байқау мақсатына және аудиториясына (балалар, жасөспірімдер, ата-аналар, педагогтер) сәйкес болуы;
4.2. Дизайны талаптарға сай болуы (жоғары графика сапасы, шрифттер мен түстерді дәл таңдау, форматтың орындылығы);
4.3. Адаптивті веб-дизайн, сайттың әртүрлі құрылғылар мен браузерлерге қол жетімді болуы (ДК, планшеттер, ұялы телефондар);
4.4. Сайттағы ақпараттың тұрақты жаңартылып отыруы;
4.5. «Директор блогы» бөлімінің белсенді жұмыс жасауы.
- Байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
5.1.Байқаудың қорытындысы ағымдағы жылдың 3 қараша күні https://bilimaktobe.kz сайтында жарияланады.
№1 қосымша
|
№ |
Қала, ауданы |
Білім беру ұйымының атауы |
Сайттың аты, сілтемесі |
Жауапты маманның аты-жөні |
Байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|

