Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 12 ақпан күні Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында «Табысты мектеп – тәжірибеден нәтижеге» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды.

           



Семинардың басты мақсаты – тірек және магниттік мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, заманауи білім беру тәжірибелерін насихаттау, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және ауыл мектептерінің білім сапасын дамыту бағытындағы тиімді тәжірибелерді тарату болды.

Іс-шараға Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер, мектеп директорлары мен жас мамандар қатысты. Семинар бағдарламасы тәжірибелік сабақтармен, шығармашылық алаңдармен, ғылыми жобалар көрмесімен және пікір алмасу алаңдарымен мазмұнды өтті.

Семинардың ұйымдастыру бөлімінде қатысушыларға арналған «Күніңізді идеядан бастаңыз» атты Coffee Time ұйымдастырылып, еркін кәсіби қарым-қатынас алаңы құрылды.

Салтанатты ашылу барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Ақылбаева Алтынай Айбекқызы және аудандық білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман Қуанышұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру саласындағы заманауи өзгерістер мен ауыл мектептерінің әлеуетіне тоқталды.

Сонымен қатар, педагог-психологтер «Бір команда – бір мақсат» тақырыбында тренинг өткізіп, ұжымдық ынтымақтастық пен тиімді коммуникация бағытында тәжірибе алмасты.

Тәжірибелік бөлімде пән мұғалімдері ашық, кіріктірілген, онлайн сабақтар және шеберлік сағаттарын өткізді. Атап айтқанда: бастауыш және физика пәні мұғалімдері Бекпанова Арайлым Оразгаликызы, Әлібекова Рауия Қайратқызы,  Егдирова Молдир Тилеумаганбетовнаның «Электр тогын қандай денелер өткізеді?» тақырыбында кіріктірілген «Трио» сабағы;  химия пәні мұғалімі Ибраева Гульмира Сакеновна «Химиялық SPA-студия» шеберлік сағаты;  биология пәні мұғалімі Жолдасова Нұрсауле Болатовна  «Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері» онлайн сабағы;  ағылшын тілі пәні мұғалімдері Домбаева Фатима Балмухамбеткызы және Айтбаев Өркен Беркенұлының  ұйымдастыруымен «Parasaт Quiz Show» интеллектуалдық сайысы;  математика пәнінен Жолан Айгерім Ағатайқызы, Дулат Әділет Рахатұлы  «Квадраттық функцияның көмегімен мәтінді есептерді шығару» тақырыбындағы дуэт сабақтары өткізілді.

Семинар аясында қатысушыларға арналған креативті тәжірибе алаңдары да ұйымдастырылды. «Ғылым мен жасыл әлем» атты «Жасыл мектеп» жобасы, «Galaxy of Innovation: Мектептің ғылыми әлемі» көрмесі және «ArtLab: Трендтегі шеберлік әлемі» шығармашылық алаңы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Симпозиум бөлімінде ауыл мектептерінің мүмкіндігі мен әлеуеті, тірек мектептердің рөлі, магнит мектептермен ынтымақтастық, сапалы білімге қолжетімділік және заманауи білім беру жобаларының ықпалы туралы өзекті баяндамалар ұсынылды. «Қауіпсіз болашаққа қадам» дефилесі мен «Кітап оқудың жаңа форматы: білім, бәсеке, мотивация» тақырыбындағы таныстырылым көпшілік назарына ұсынылды.

Көшпелі семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар рефлексия жасап, «Бала тілі – бал» жобасы мен «Өнермен өрнектелген ынтымақтастық» шығармашылық бағдарламасы арқылы өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Аталған облыстық көшпелі семинар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тірек және магниттік мектептердің тиімді тәжірибесін таратуға бағытталған маңызды білім беру алаңына айналды.

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT