Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылдың 12 наурызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған «Жасанды интеллект логика әлемінде»  атты облыстық шығармашылық шеберхананың кезекті ІІІ отырысы офлайн форматта өткізілді. Іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарынан келген шеберхана мүшелері қатысып, тәжірибе алмасу алаңында бас қосты.

Шеберхана қатысушыларды тіркеуден басталып, шеберхананың ашылуында Ақтөбе  облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ.магистрі Жубаева Светлана Онайевна қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің шығармашылық ізденісі, кәсіби дамуы және цифрлық құзыреттілігін жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде тәжірибе алмасу мен инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу уақыт талабы екенін атап өтіп, шеберхана жұмысына сәттілік тіледі.

Шеберхана бағдарламасы аясында «Адасқан әріптер – жасырын тақырып» атты тренинг ұйымдастырылып, қатысушылар әріптерден сөздер құрастыру арқылы шеберхананың негізгі тақырыбын анықтап, белсенді жұмысқа бағыт алды.

Теориялық бөлімде шығармашылық шеберхана жетекшісі, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімі Ибрашева Гулдана Нигметовна «Жасанды интеллект арқылы логикалық есептерді түрлендіру» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллект құралдарының логикалық тапсырмаларды әзірлеу, түрлендіру және оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктерін таныстырды.

Практикалық бөлімде педагогтер цифрлық платформалармен жұмыс жасап, олардың білім беру үдерісіндегі тиімділігімен танысты.
Шеберхана жетекшісі Гулдана Нигметовна Ибрашева «Интерактивті білім алаңы – LearningApps» тақырыбында интерактивті тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдарын көрсетті.

Шалқар ауданы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айдарбекова Акгул Сембековна «Shyrak.ai платформасында логикалық есептер құрастыру» тақырыбында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Темір ауданы Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ербатырова Гульфайруз Мендикереевна «Логикалық есептерді оқытуда Educaplay платформасын қолдану» тақырыбында цифрлық құралдарды сабақ үдерісінде тиімді қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті. М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімі Бегалиева Аида Жумабековна «Логикадан инновацияға: Curipod мүмкіндіктері» тақырыбында интерактивті кері байланыс пен заманауи цифрлық контент әзірлеудің ерекшеліктерін таныстырды.

Шеберхана соңында «Ойыңды сканерле» атты кері байланыс алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алған тәжірибелерімен бөлісті.

Қорытынды бөлімде Ақтөбе  облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ.магистрі Жубаева Светлана Онайевна шеберхана жұмысына жоғары баға беріп, қатысушыларға белсенділіктері мен тәжірибе бөліскендері үшін алғыс білдірді.

Аталған шығармашылық шеберхана педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи цифрлық платформаларды меңгеруге және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған нәтижелі тәжірибе алаңы болды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT