Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 20 тамызда облыстық Тамыз конференциясы аясында «Тең мүмкіндік – сапалы білім – кемел адам: жаңа Конституция құндылықтары аясында арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттары» тақырыбында панельдік секция отырыстары өтті.

Секция отырысына білім беру саласының басшылары, аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері, педагогтер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, психологтер, арнайы педагогтер және сала мамандары қатысып, арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылады. Қатысушылардың жалпы саны 970 педагог.

Пленарлық отырыста Ақтөбе облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің басшысы Г.Қ.Құлыбекова арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы соңғы жаңалықтар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Н.Есенғұлова «Арнайы (түзету) білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы: адами капиталды дамытудың стратегиялық ресурсы» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық технологияларды арнайы білім беру жүйесіне енгізудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ психология магистрі, Қазақстанның когнитивті-мінез-құлық терапиясы қауымдастығының мүшесі, КМТ-терапевт, психодрама терапевті, «Umit Ai» отбасылық психология орталығының негізін қалаушы А.Орынбасар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық сүйемелдеудегі жеке тәсілдер мен мамандарға қажетті практикалық құралдар туралы тәжірибесімен бөлісті.

Конференция аясында «Арнайы (түзету) білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы: адами капиталды дамытудың стратегиялық ресурсы» және «AI for Inclusion: оқытуды дараландырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыптарында панельдік секциялар ұйымдастырылды.

Секциялар барысында арнайы және инклюзивті білім беруді цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, оқытуды дараландыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға «AI for Inclusion», «AI in Special Education», «ProDefect: тәжірибе, инновация және кәсіби даму», «Speech & Support» бағыттары бойынша заманауи тәсілдер мен практикалық құралдар ұсынылды.

Сонымен қатар мамандар цифрлық білім беру платформаларының мүмкіндіктерімен танысып, жеке және бейімделген оқу бағдарламаларын әзірлеу, инклюзивті білім беру үдерісін мониторингілеу, үйде оқытуды ұйымдастыру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған арнайы және инклюзивті білім берудің басым бағыттары айқындалды. Атап айтқанда, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға сапалы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Тамыз конференциясы арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе алмасуды нығайтып, жаңа оқу жылына арналған міндеттерді нақтылауға және заманауи білім беру тәсілдерін өңірдегі білім беру ұйымдарының тәжірибесіне кеңінен енгізуге мүмкіндік берді.

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT