Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 «Үздік география пәні мұғалімі - 2026» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ереже

Осы ереже «Үздік география пәні мұғалімі - 2026» облыстық байқауының мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттарын айқындайды.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

2.1. География пәні педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибесі мен инновациялық әдістерін анықтап, шығармашыл әрі дарынды мұғалімдерді қолдау.

 

  1. БАЙҚАУ МІНДЕТТЕРІ:

3.1. География пәнін оқытудағы үздік педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, цифрлық технологияларды тиімді қолдану мен функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған озық сабақтарды анықтау.

3.2. Педагогтердің ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттырып, тиімді тәжірибелерді кәсіби ортада таратуға ықпал ету.

 

  1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ:

4.1. Байқауды ұйымдастырушылар – Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы.

4.2. Байқау екі кезеңде өткізіледі:

І кезең – аудандық (қала) кезең 2026 жылғы 15 – 25 қыркүйек аралығы;

ІІ кезең – облыстық (сырттай) 2026 жылы 28 қыркүйек – 6 қазан аралығы;

ІІІ кезең – облыстық (күндізгі финал) 8 қазан күні өтеді.

4.3. Байқауға қатысушылар: жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық өтілі 10 жылға дейінгі география пәні мұғалімдері қатыса алады.

4.4. Байқауға аудандық кезең жеңімпаздарының облыстық кезеңге қатысу өтінімдері 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін zada.xibina@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

4.5. Жобалар байқауы ақысыз түрде ұйымдастырылады.

 

  1. БАЙҚАУ ШАРТЫ:

5.1. 1-кезең. «Кәсіби портрет»

  1. Портфолио

Қатысушы өзінің кәсіби қызметін, педагогикалық тәжірибесін және кәсіби өсу динамикасын көрсететін портфолио ұсынады.

Портфолиода:

- педагог туралы жалпы мәлімет;

- білімі және еңбек өтілі;

- біліктілік санаты;

- кәсіби даму курстары мен сертификаттары;

- педагогикалық қызметінің нәтижелері;

- білім алушылардың оқу жетістіктері;

- олимпиадалар, ғылыми жобалар, байқаулардағы нәтижелері;

- авторлық және әдістемелік әзірлемелері;

- цифрлық білім беру ресурстарын қолдану тәжірибесі;

- кәсіби және қоғамдық белсенділігі қамтылады.

  1. Кәсіби жетістіктер

Қатысушы соңғы 3 жылдағы нақты кәсіби жетістіктерін ұсынады. Жетістіктер құжаттармен, сертификаттармен, дипломдармен, алғыс хаттармен немесе басқа да растайтын материалдармен дәлелденуі тиіс.

Бағалауда:

- білім алушылардың нәтижелері;

- педагогтің әдістемелік белсенділігі;

- тәжірибені таратуы;

- кәсіби дамуға ұмтылысы ескеріледі.

 

5.2. 2-кезең. «Заманауи география сабағы»

  1. Авторлық сабақ жоспары

Қатысушы география пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес авторлық сабақ жоспарын әзірлейді.

Сабақ:

- нақты оқу мақсатына негізделуі;

- білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталуы;

- географиялық карталар, деректер, кестелер, диаграммалар және практикалық тапсырмаларды тиімді қамтуы;

- зерттеушілік, сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуы;

- ұлттық құндылықтармен сабақтастырылуы;

- цифрлық ресурстар мен ЖИ құралдарын педагогикалық мақсатқа сай қолдануды қарастыруы тиіс.

  1. Цифрлық білім беру ресурсы

Қатысушы сабақтың оқу мақсатына сәйкес өздігінен әзірлеген немесе авторлық үлгіде бейімдеген цифрлық білім беру ресурсын ұсынады.

Ресурс:

- оқу мақсатына сәйкестігімен;

- мазмұнының ғылыми дұрыстығымен;

- интерактивтілігімен;

- қолдануға ыңғайлылығымен;

- білім алушының белсенді әрекетін қамтамасыз етуімен бағаланады.

Мысалы: интерактивті карта, цифрлық тапсырма, виртуалды зерттеу, географиялық модель, инфографика, тест, QR-квест немесе басқа цифрлық өнім.

  1. Бейнесабақ (20–25 минут)

Қатысушы әзірлеген авторлық сабақтың 20–25 минуттық бейнежазбасын ұсынады.

Бейнесабақта:

- сабақ мақсаты мен күтілетін нәтиже;

- заманауи оқыту әдістері;

- білім алушының белсенді әрекеті;

- географиялық деректермен жұмыс;

- картографиялық және практикалық тапсырмалар;

- қалыптастырушы бағалау;

- цифрлық құралдарды тиімді пайдалану;

- сабақтың нәтижелілігі көрініс табуы қажет.

 

5.3. 3-кезең. «Педагогикалық шеберлік»

  1. Шеберлік сабағы (20 минут)

Қатысушы географияны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетуге бағытталған 20 минуттық шеберлік сабағын өткізеді.

Шеберлік сабағында:

- авторлық педагогикалық тәжірибе;

- оқытудың заманауи әдістері;

- географиялық білімді өмірлік жағдаяттармен байланыстыру;

- функционалдық сауаттылықты дамыту;

- цифрлық ресурстарды және ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

- қатысушылардың практикалық әрекеті қамтылуы тиіс.

  1. Әдістемелік идеяны қорғау (10 минут)

Қатысушы өзінің әдістемелік идеясын 10 минут ішінде қорғайды.

Қорғауда:

- әдістемелік идеяның өзектілігі;

- мақсаты мен міндеттері;

- жаңашылдығы;

- географияны оқытудағы тиімділігі;

- білім алушылардың оқу жетістіктеріне ықпалы;

- практикада қолдану мүмкіндігі;

- күтілетін нәтижелері ұсынылады.

Қатысушы идеясының нақты педагогикалық мәселеге шешім ұсынуын және тәжірибеде қолдануға болатындығын дәлелдеуі қажет.

  1. Педагогикалық жағдаяттарды шешу

Қатысушыға оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын және географиялық деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық жағдаятты ашуға қажетті сөздер тізбесі ұсынылады.

Қатысушы:

- сыни ойға негізделген оқиға ойластырады;

- өз мамандығымен байланыстырып, креативтілік қабілет танытады;

- оқиға құрастыру барысында барлық сөзді қолданады;

- проблеманы шешудің  кем дегенде екі жолын ұсынады.

Бағалауда педагогтің педагогикалық ойлауы, шешім қабылдау қабілеті, кәсіби білімі, коммуникативтік мәдениеті, креативтілігі және нақты жағдайға тиімді шешім ұсына білуі ескеріледі.

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

6.1. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде, I, II, III дәрежелі Дипломдар, «Үздік цифрлық ресурс», «Үздік шеберлік сыныбы», «Креативті педагог» номинациялары беріледі.

 

«Үздік география пәні мұғалімі - 2026»

облыстық байқауына қатысу туралы

ӨТІНІМ үлгісі

1

Қатысушының аты-жөні (жеке куәлігі бойынша)

 

2

Жұмыс орны (білім беру ұйымының толық атауы )

 

3

Педагогикалық қызмет өтілі

 

4

Пәні

 

5

Байланыс телефоны

 

6

E-mail

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT