Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы №65 жалпы білім беретін орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғазиза Ерболатқызы Қоразованың жетекшілігімен «Практические рекомендации по анализу и планированию уроков» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберхананың IV қорытынды отырысы өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға сабақ құрылымын тиімді жоспарлау, оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар әзірлеу, оқушылардың білімін бағалау және рефлексия жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи оқыту технологияларын қолданудың тиімді жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.
Шығармашылық шеберхана барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған осындай кездесулердің маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар іс-шараның мазмұнды әрі тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болғанын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қорытынды отырыс педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған тиімді алаңға айналды.
2025-2026 оқу жылы бойы өткізілген шеберхана отырыстары бойынша қорытынды жасалып,іс –тәжірибесімен бөліскен мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды

