Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байбекова Маншук Аманғосовнаның жетекшілігімен «Жазбаша сөйлеу — оқушылардың тілдік құзыреттілігінің негізі» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберханасының қорытынды ІV отырысы өтті. Биылғы оқу жылының финалдық кездесуі «Сөйлеу — ойлау құралы ретінде» атты кіріспе сөзбен ашылып, жазбаша сөйлеу дағдысын дамыту мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызды көрсеткіші екеніне басымдық берілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/421-zhazbasha-s-jleu-o-ushylardy-t-ld-k-zyrett-l-g-n-neg-z#sigFreeIdb1a3d6ed07
Шеберхана аясында қатысушыларды ой толғау мен шығармашылыққа бағыттау мақсатында арнайы тренинг өткізіліп, орта буын оқушыларының жазу дағдыларын дамытудың ең тиімді және нәтижелі жолдары ортаға салынды. Сонымен қатар «Жазамын — демек ойлаймын» бағытында эссе жанрына үйретудің нақты практикалық құралдары таныстырылды. Шара барысында жазбаша жұмыс дағдыларын қалыптастырудағы жобалық іс-әрекеттің мүмкіндіктері кеңінен талданып, лицейдің жүлделі орын алған оқушылары өздерінің зерттеу жобаларын қатысушылар назарына ұсынды.
Шара барысында 2025-2026 оқу жылының жұмыс нәтижелері сараланып, қатысушылармен бірге «Қағаздағы сөз ізі — санадағы із» атты рефлексия жүргізілді.
Шара соңында белсенділік танытқан педагогтерге Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы атынан Алғыс хаттар мен сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Оқу жылының қорытынды отырысы мұғалімдер үшін өзара тәжірибе алмасатын және кәсіби дамуға жаңа серпін берген маңызды оқиғаға айналды.

