Ағымдағы жылдың 12 маусым күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім берудегі ІТ шешімдер мен заманауи платформалар» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/444-b-l-m-berudeg-t-shesh-mder-men-zamanaui-platformalar-ta-yrybynda-oblysty-d-stemel-k-seminar-tt#sigFreeId88c4f9ef07
Семинар барысында білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануға бағытталған тәжірибелік баяндамалар ұсынылды.
Мұғалімнің кәсіби имиджін қалыптастыру мәселесіне арналған «Портфолио: мұғалімнің цифрлық бренді» тақырыбындағы баяндаманы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Берекетова Гаухар Серікбайқызы ұсынып, педагогтің цифрлық кеңістіктегі кәсіби брендингін қалыптастырудың заманауи тәсілдерін таныстырды.
Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Сағынова Мира Нұрлыбайқызы «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен вайбкодингті тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллект құралдарын сабақ барысында қолданудың тиімді тәсілдерімен бөлісті.
Ақтөбе қаласы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімдері Улмағамбетова Айнұр Едилбаевна мен Тәжібаева Жансая Орынғалиқызы «Білім беру үдерісінде заманауи цифрлық платформаларды тиімді пайдалану» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісіп, платформаның интерактивті оқытудағы мүмкіндіктерін таныстырды.
Ақтөбе қаласындағы №17 гимназияның информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Шойынбек Нұрдәулетұлы «TriviaMaker.com платформасын тиімді қолдану» тақырыбында баяндама жасап, викториналар мен ойын элементтерін сабаққа енгізудің тиімді жолдарын көрсетті.
Ақтөбе қаласындағы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Муканова Кундыз Сатыбалдиевна «Жасанды интеллект және Python негіздерін Google Colab арқылы тиімді оқыту» тақырыбында баяндама жасап, Python бағдарламалау негіздерін оқытудың тиімді әдістері мен жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне кіріктіру жолдарын көрсетті.
Семинар барысында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде қолданудың тиімді тәжірибелерімен танысты. Сонымен қатар білім сапасын арттырудағы цифрлық технологиялардың рөлі, жасанды интеллекттің педагог қызметіндегі маңызы, заманауи платформаларды пайдалану мүмкіндіктері және мұғалімнің цифрлық мәдениетін дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында жасанды интеллект пен заманауи платформаларды тиімді пайдалану педагогтің кәсіби дамуының маңызды бағыты екенін атап өтті. Семинар тәжірибе алмасуға, инновациялық идеяларды талқылауға және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізудің тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.

