✅Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 21 мамыр күні «Қолайлы тәрбие ортасы және құқық бұзушылықтың алдын алу: кураторлық қызметтің рөлі» тақырыбында семинар-практикум өтті.
?Семинар барысында орталық әдіскері Б.Нурмолдина «Кәмелетке толмаған білім алушыларды тәрбиелеуде педагогикалық қолдау» тақырыбында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзекті бағыттарының маңызын қарастырып, әдістемелік кеңес беріп өтті.
?Тәжірибелік бөлімде:
-Шалқар көпсалалы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сейтжан «Студенттің эмоционалдық қауіп сигналдары: ерте анықтау және куратордың әрекеті»;
-Ойыл кәсіптік колледжінің әдіскері М.Тәттіғали «Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу»;
-Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің құқық негіздері пәнінің оқытушысы, топ куратор К.Ахметова «Куратордың медиаторлық дағдылары – топтағы сенім мен өзара түсіністікті қалыптастыру»;
-Ақтөбе құрылыс - техникалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, топ куратор Ж.Оспанова, тарих және география пәнінің оқытушысы, топ куратор Д.Еспаганбетова «Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу: кураторлық жұмыстың маңызы» тақырыптарында кураторлық қызметтің тәрбиелік әлеуетін арттыру, білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы тәрбие ортасын қалыптастыруда кейс, коучинг, шебер сағаттар ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
?Шара барысында ұсынылған баяндамалар мен тәжірибелік жұмыстар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.
?Ашық алаңда қатысушылар өзара пікір алмасып, шара қорытындыланды.

