М. Құрманғалиев атындағы №32 гимназияда педагог-зерттеуші Бралова Гульшат Оразгалиевнаның ұйымдастыруымен ерекше мазмұндағы облыстық семинар өтті.
? Семинардың мақсаты:
Қатысушыларға эко-қолөнер негіздерін, қайта өңдеу арқылы бұйым жасауды және оны кәсіпкерлікпен байланыстыру жолдарын көрсету. Handmade-өнімдерді сатудың заманауи әдістерін (онлайн, жергілікті нарықтар, фестивальдер) көрсету.
? Семинар барысында:
Эко-дизайн бағытындағы тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.
Қайта өңдеу материалдарынан жасалған бірегей бұйымдар таныстырылды.
Қатысушылар жасыл бизнес бастауға қатысты нақты идеялар мен практикалық кеңестер алды.
Эко-қолөнер – шығармашылық пен кәсіпкерліктің үйлесімді байланысы! ✨
Бұл шара қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктер мен экологиялық жауапкершіліктің тоғысқан алаңына айналды. Табиғатты аялай отырып, табысты кәсіп көзін ашу — бүгінгі күннің басты тренді!

