Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//news/168

«Мұғалім мен ЖИ: жаңа форматтағы серіктестік» тақырыбында мұғалімнің іс-тәжірибесі жалпыланды

{gallery}/news/168{/gallery}

2026 жылғы 12 қазанда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Мұғалім мен ЖИ: жаңа форматтағы серіктестік» тақырыбында шебер-класс ұйымдастырылды. Іс-шараның спикері – Ақтөбе қаласы №80 жалпы білім беретін орта мектебінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғалімі Жәкен Нүркен Дәуітбайұлы.

          Шебер-класстың негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде кеңінен тарала қоймаған заманауи жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін таныстыру, мұғалімнің күнделікті жұмысын автоматтандыруға көмектесетін тиімді шешімдерді көрсету және оқыту сапасын арттыру жолдарын қарастыру.

          Шебер-класс барысында Жәкен Нүркен Дәуітбайұлы мұғалімнің күнделікті жұмысындағы қайталанатын міндеттерді жеңілдету, дәстүрлі әдістер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін салыстыру және заманауи білім беру трендтерін қолдану жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

          Практикалық бөлімде педагогтерге оқу материалдарын әзірлеуге арналған бірнеше заманауи платформа таныстырылды. Атап айтқанда, Diffit және Brisk Teaching құралдары арқылы мәтіндер мен бейнематериалдар негізінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейіне сәйкес тапсырмалар дайындау жолдары көрсетілді. Napkin AI платформасының көмегімен мәтіндік ақпаратты визуалды схемалар мен инфографикаға айналдыру мүмкіндіктері таныстырылды. Ал Gamma App арқылы сұраныс негізінде презентациялар мен оқу карточкаларын әзірлеу тәсілдері ұсынылды.

Шебер-класстың маңызды бөлігі «Менің авторлық ЖИ-өнімім» тақырыбындағы практикалық тренинг болды. Қатысушылар өз смартфондары мен ноутбуктерін пайдаланып, ұсынылған платформаларда жұмыс істеп, алдағы сабақтарына арналған цифрлық оқу материалдарын әзірледі. Бұл жұмыс педагогтерге жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде сынап көруге және оларды өз пәндерінің ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеуге мүмкіндік берді.

          Іс-шара соңында фасилитация және кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар жаңа құралдарды қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Қорытынды бөлімде жасанды интеллектінің мұғалім жұмысын жеңілдетудегі, оқу материалдарын түрлендірудегі және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастырудағы әлеуеті қорытындыланды.

         

         

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT