Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылдың 13 мамыр күні  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес  №24 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда  арнайы білім беру ұйымдары мен аудандық (қалалық) жалпы білім беретін орта мектептердің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтеріне арналған «Инклюзивті және арнайы білім беру: кедергілерсіз орта құру жолдары» тақырыбында BarCamp (ашық алаң) форматындағы іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, инклюзивті  және арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тиімді әдіс-тәсілдерді ортаға салу болды.

BarCamp барысында қатысушылар топтарға бөлініп, келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:

  • 1-топ: «Инклюзивті білім берудегі мұғалімнің рөлі»
  • 2-топ: «Кедергілерсіз білім беру ортасы»
  • 3-топ: «Ата-ана мен мектеп серіктестігі»

Әр топ өз тақырыптары аясында ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижесінде топтық презентациялар ұсынды.

Іс-шара барысында BarCamp форматына сай түрлі тренинг тапсырмалары орындалып, қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қызықты Ice-breaker ойындары ұйымдастырылды. Жалпы саны 10 тренингтік ойын өткізіліп, педагогтердің өзара қарым-қатынасын нығайтуға және еркін пікір алмасуына жағдай жасалды.

Сонымен қатар, ашық пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар инклюзивті білім берудегі кедергілер мен оларды шешу жолдарын талқылады.             Іс-шара соңында мұғалімдерге арналған сауалнама жүргізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері жинақталды.

Аталған BarCamp педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, инклюзивті және арнайы  білім беруде кедергілерсіз орта қалыптастыруға бағытталған тиімді алаң болды.

Шараға 25 педагог қатысты.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT