2026 жылғы 14 қазанда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты жетілдіру, профилактикалық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру және мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік күн өткізді.
Іс-шара барысында профилактикалық кеңестердің негізгі міндеттері, тәуекел тобына жататын жасөспірімдермен жеке профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін факторларды анықтау, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері қарастырылды.
Әдістемелік күннің қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, ата-аналармен өзара ынтымақтастықты нығайту және әрбір оқушыға жеке қолдау көрсету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

