2026 жылдың 17 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне енгізу және логикалық ойлауды дамыту мақсатында атты облыстық шығармашылық шеберхананың қорытынды ІV отырысы өткізілді. Іс-шараға шығармашылық шеберхананың мүшелері қатысып, тәжірибе алмасу алаңында бас қосты.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/419-a-t-be-oblysty-d-stemel-k-ortaly-yny-jymdastyruymen-pedagogterd-k-s-bi-zyrett-l-g-n-arttyru#sigFreeId290d2b5ceb
Шара қатысушыларды тіркеуден басталып, шеберхананың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ. магистрі Жубаева Светлана Онайевна өткізілген шығармашылық шеберхана отырыстарының мазмұны мен практикалық маңыздылығына ерекше тоқталды. Қазіргі білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды тиімді қолданудың өзектілігіне тоқталды. Ол бүгінгі шеберхананың білім беру үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді ықпалдастыруға бағытталғанын атап өтіп, мұғалімдердің кәсіби дамуына зор үлес қосқанын жеткізді. Өз сөзінде педагогтің үздіксіз ізденісі мен тәжірибе алмасуы сапалы білім берудің басты кепілі екендігін атап өтіп, шеберхана жұмысына сәттілік тіледі.
Бағдарлама аясында «Тілекке толы хаттар» атты тренинг ұйымдастырылып, қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Теориялық бөлімде шығармашылық шеберхана жетекшісі, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімі Ибрашева Гулдана Нигметовна «Wayground: білім мен логика кеңістігі» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық платформалардың оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы мүмкіндіктеріне тоқталды. Сонымен қатар заманауи цифрлық ресурстарды сабақ мазмұнымен ұштастырудың тиімді жолдары ұсынылды.
Практикалық бөлімде қатысушылар нақты тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысып, логикалық тапсырмаларды цифрлық құралдар арқылы орындау тәсілдерімен танысты. Шеберхана жетекшісі Гулдана Нигметовна Ибрашева «Ой гимнастикасы: логикалық есептер әлемі» тақырыбында түрлі деңгейдегі логикалық тапсырмалармен жұмыс ұйымдастырып, қатысушылардың ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті. Байғанин ауданы, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің мұғалімі Манашова Жанаргүл Қалдымұратқызы «Ой күші және Gemini: тиімді сабақтың кілті» тақырыбында жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде қолдану тәжірибесімен бөлісіп, «Gemini» платформасының сабақ сапасын арттырудағы тиімді тұстарын таныстырды. М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімі Бегалиева Аида Жумабековна «Gemini Storybook: логика әлеміндегі есептер» тақырыбында жасанды интеллект көмегімен логикалық тапсырмалар мен танымдық мазмұндағы оқиғалар құрастыру жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті.
Қорытынды бөлімде шеберхана жетекшісі Ибрашева Гулдана Нигметовна «Жасанды интеллект: логика әлеміндегі шеберхана нәтижелері» тақырыбында атқарылған жұмыстарды саралап, шығармашылық шеберхана барысында қол жеткізілген нәтижелер мен педагогтердің кәсіби тәжірибесіндегі оң өзгерістерге тоқталды.
Шара соңында «Padlet: әсер мен пікір» рефлексия алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар шеберхана туралы өз ойларын, алған әсерлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Қорытынды сөз сөйлеген Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ. магистрі Жубаева Светлана Онайевна шеберхана жұмысына жоғары баға беріп, қатысушылардың белсенділігі мен тәжірибе алмасуға деген қызығушылығын ерекше атап өтті. Іс-шараның соңында белсенді қатысқан мұғалімдерге сертификаттар, ал өз тәжрибесімен бөліскен шығармашылық шеберхана мүшелеріне Алғыс хаттар табыстады.
Аталған шығармашылық шеберхана педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне тиімді енгізуге және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған маңызды кәсіби тәжірибе алаңы болды.

