Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылдың 13 наурыз күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп–гимназиясы, семинар-кеңес өтті. Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық шара өткізілді.                              

         Ерекше  білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің өзекті мәселелерін талқылау, заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді технологияларды енгізу, сондай-ақ тәжірибе алмасудың кәсіби алаңын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға  85 педагогтер мен арнайы мамандар  қатысты.

         Семинар барысында қатысушылар инклюзивті білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттарды қарастырды. Атап айтқанда, ерекше білім беру қажеттіліктері  бар балаларға арналған білім беру бағдарламаларын бейімдеу, оқыту жағдайларын ұйымдастыру, сондай-ақ инклюзивті тәжірибеде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

         Аталған семинар инклюзивті білім беру сапасын арттыруға, тең қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT