Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облысында инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 27 наурыз күні облыс педагогтеріне арналған «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.   

          Аталған іс-шараға қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары, жалпы білім беретін мектептердің педагогтері және  арнайы мамандары қатысты.

          Семинар-практикумның негізгі мақсаты – жалпы білім беру ұйымдары жағдайында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тиімді жүйесін қалыптастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру болып табылады.

         Шара барысында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен қағидаттары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

         Практикалық бөлімде педагогтер нақты кейстерді талдап, өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдары мен мамандар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT