Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының базасында білім беру ұйымдарының арнайы мамандарымен педагог-ассистентеріне арналған «Бірлескен жұмысты кешенді сүйемелдеу тәжірибесі» тақырыбында облыстық шеберлік класс өтті.

Іс-шараның мақсаты — ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау бағытында қызмет атқаратын мамандардың өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау және сүйемелдеу жұмысының сапасын арттыру.

Шара барысында қатысушылар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдерімен танысып, практикалық жұмыстар мен әдістемелік ұсынымдарды талқылады. Сонымен қатар мамандар арасындағы пәнаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара аясында түзету-дамыту жұмыстарының тиімді әдістері мен визуалды қолдау құралдарын қолдану тәжірибесі көрсетілді. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибелік тапсырмалар орындап, пікір алмасты.

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT