2026 жылғы 24 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие бағыты мамандарына арналған «Тәрбие процесінің нәтижелілігі: қауіпсіз, белсенді және құндылыққа бағытталған орта қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/462-quqyq-line-zhobasy-ayasynda-y-oblysty-seminar#sigFreeId93ef6279d2
Ақтөбе облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция майоры Н.Жолдыбаева қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, тәуекел факторларын ерте анықтау, білім алушымен жеке жұмыс жүргізу, ата-анамен өзара іс-қимылды ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып өтті
Тәжірибелік бөлімде:
-Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Абельпеисова «Адал азамат» бағдарламасы негізінде тұлғалық және азаматтық құндылықтарды қалыптастыру»;
-Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абиева мен топ куратор Г.Жұмағазы «Студенттік ортаны қалыптастыру үдерісіндегі тәрбие мамандарының тиімді серіктестігі»;
-Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жаркаева мен кітапхана меңгерушісі Р.Ескарина «Кітапхана мен жатақхана ынтымақтастығы: құқықтық сауатты, рухани бай және жауапты студент тұлғасын қалыптастыру»;
-Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Умирзакова, колледжінің психологі И.Камтиева, әлеуметтік педагог А.Имжарова «Адал азамат» бағдарламасы аясында қауіпсіз колледж ортасын құрудың командалық моделі» тақырыптарында білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы тәрбие ортасын қалыптастыруда кейс, коучинг, шебер-сағаттар ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында ұсынылған баяндамалар мен тәжірибелік жұмыстар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.
Ашық алаңда қатысушылар өзара пікір алмасып, шара қорытындыланды.

