ENPF мобильді қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады.

БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден келесі тұлғалар босатылады:
? зейнеткерлік жасқа толғандар;

❓Жеке кабинетке қалай кіруге болады?
? ЭЦҚ арқылы немесе ЖСН мен құпиясөзді пайдаланыңыз.

❓Неліктен ЖСН мен құпиясөз арқылы кіре алмай тұрмын?
? Мұндай жағдайда БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне келіп немесе онлайн режимінде Жеке кабинетте ЭЦҚ көмегімен ақпараттандыру тәсіліңізді "Интернет" деп таңдау қажет.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында біржолғы зейнетақы төлемі – салымшының (алушының) заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы деп көзделген.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі түрлі тәуекелден барынша қорғалатындай етіп құрылған. 23 жыл ішінде әлемдік экономикадағы бірқатар қаржылық дағдарыстарға қарамастан, ол тұрақтылықты сақтап қалды. Қазіргі уақытта  Қазақстан – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы алушыларға зейнетақы төлемдері құқығын иеленген сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған сәттегі инфлиция деңгейін ескере отырып, сақталуына кепілдік береді.

Зейнетақы аннуитеті – бұл сақтандыру ұйымымен жасалған шарт, оған сәйкес зейнетақыны белгіленген мерзімнен ерте алуға болады.

АҚИҚАТ: Азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сома шегінде шектеусіз рет пайдалана алады.

БЖЗҚ салымшылары сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасай алады және жинақталған қаражатты (бір бөлігін немесе толықтай) таңдалған компанияға бере алады. Мұндай келісім зейнетақы жасына жеткенге дейін зейнетақы жинақтарын алуға мүмкіндік береді.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) жайлы нені білу қажет?

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алуға қолжетімді зейнетақы жинақтарының бар-жоғына көз жеткізуі тиіс. Мұны enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте, сондай-ақ, egov порталы мен мобильді қосымшасында көруге болады.

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуде. Бүгінде жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін еGovMobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) күшіне енеді. Бұған дейін Президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен 2021 жылға есептелген ТЖШ қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың екі айында (01.01.2022-01.03.2022 аралығында) өз салымшыларына 6,6 миллион қызмет көрсетті.

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық  деңгейін және олардың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шықты.

2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 781 736 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,2 млн теңге.

БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы № 1042 қаулысымен (2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген өзгерістермен) бекітілген Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы Әдістемеге сәйкес зейнетке шыққан адамдарға төлемдер былайша есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі – 6,5% -ға көбейтіліп, одан кейін 12-ге бөлінеді. Нәтижесінде төлем алынатын бірінші жылы БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдер мөлшері есептеп шығарылады.

Жаңа алаяқтық айла-шарғы пайда болды.  БЖЗҚ салымшылары өздерін Қор қызметкеріміз деп таныстырған делдалдардан қолқа түскенін хабарлауда. Олар ақшасын төлесеңіз тұрғын үйге немесе емделуге зейнетақы жинақтарын алып беруге көмектесеміз деп уәдені үйіп төккен. Қордың 30-ға жуық салымшысы осы заңсыз әрекеттердің құрбаны болды.

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфондағы еGovMobile қосымшасында төлқұжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасы болуы жетіп жатыр.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған болса, онда сіз алатын табыстың 10 пайызынан кем емес, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан көп емес мөлшерде (2022 жылы ЕТЖМ – 60 мың теңге) өз пайдаңызға жарна аударуға құқылысыз.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі - ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес деп айқындалған.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында «зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес, ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері» деп белгіленген.

Мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тағайындалуы үшін сіз бірыңғай өтініш және құжаттар топтамасымен тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне (ХҚКО) жүгінуіңіз қажет.

2021 жылдың қаңтарынан бастап салымшылар мен алушылар инвестициялық портфельді басқаратын компанияны өз бетінше таңдау арқылы өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялауға қатыса алады.

БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы № 1042 қаулысымен (2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген өзгерістермен) бекітілген Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

Дұрыс айтасыз, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгерді.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа Әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы бірінші жылы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің 6,5 % мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, әрі алушыларға ыңғайлы болып, уақыт үнемдеу үшін БЖЗҚ 2021 жылдың тамыз айынан бастап БЖЗҚ-да кемінде бес жыл ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін және оларға есептелген инвестициялық табысты Қордың корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы тағайындау туралы қашықтан өтініш беру мүмкіндігін жүзеге асырды.

        Бірнеше жыл бұрын мен зейнетақы қорында шот ашқан едім, бірақ жұмысқа шықпадым. Бұдан кейін  үш жыл бойы ресми түрде еш жерде жұмыс істемедім, сондықтан да жарна аударылмады. Енді ресми түрде жұмысқа шықтым, бірақ маған «жеке зейнетақы шотыңыз» жоқ деді. Сонда менің шотым қайда кетті, әрі оны қалай қайтадан ашсам болады?

 Қайырлы күн! Зейнеткер атанғаныма үшінші жыл, бірақ жақында вахтер ретінде қосымша жұмыс таптым. Енді менің жұмыс берушім жалақымның 10%-ын БЖЗҚ-ға аудара ма деген сұрақ туындады. Өйткені, мен сіздерден зейнетақы төлемдерін алып жүрмін ғой.

2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Заңға сәйкес азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы берілді.

2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған Еуразиялық экономикалық Одақ туралы Келісім бойынша, Одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасы, сондай-ақ, ЕАЭО мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық Келісімге сәйкес реттеледі.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1